Павлодарда 40 миллион теңге жымқырған шенділер сотталды
Павлодарда 40 миллион теңге жымқырған шенділер сотталды
Фото: news.myseldon.com
191
оқылды

«Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директоры мен кассиріне қатысты үкім шықты. Бұл туралы AstanaTV хабарлайды.

Олар 2 жыл бойы жалған құжаттар жасап, қазынадан 40 миллион теңге  жымқырған. Алайда сотталушылар  кінәсін мойындамады. Судья олардың жасы мен шығынның бір бөлігін қайтарғанын ескеріп, жазаны жеңілдеткен.

Павлодар қалалық №2 сотының бас маманы Гүлсім Ақтаева: «Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде, қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы талан-таражға салу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді.

Телеарнаның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі 2 жыл бұрын «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директорына қатысты  қылмыстық іс қозғаған.

Орталық директорының мемлекетке  10 миллион теңгеден астам шығын келтіргені  және бұл іске басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар екені айтылған болатын.