Ресейдің арнайы қызметтері Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың Украинаның Донбасс облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы хабарлады, – деп жазады "Чиновник" Telegram-каналы.
Дужнов «Суть Времени» тәуелсіз құрылымының құрамына кірген. Бұл құрылым еріктілерді Украинаның шығысындағы қақтығыс аймағына жіберуге үгіттеумен айналысқан.
«Суть Времени» жасағында ол барлау тобында болған.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемегенін жазған болатынбыз.