«Айнаны қай машинадан ұрлағанын жазып қойған» – тек қана Lexus көлігін тонаған ұры ұсталды (видео)
«Айнаны қай машинадан ұрлағанын жазып қойған» – тек қана Lexus көлігін тонаған ұры ұсталды (видео)
Фото: Polisia.kz
219
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, бірінші өтініш полицияға 16 қыркүйекте түскен.

Академик Шөкин көшесіндегі үйдің ауласында, түнде Lexus ES-250 маркалы автокөліктің бүйір айнасы ұрланған. Шығын көлемі – 270 мың теңге. Екі күнде полицияға тағы осындай 5 өтініш түсті.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов: «Полицейлер ұрыны анықтап, ұстады. Зауытта жұмыс істейтін 30 жастағы павлодарлық екені анықталды. Негізінен, ол тек Lexus маркалы көліктердің бүйір айнасын ұрлап, оларды жертөлесіне жинай берген. Әр айнаға қай көліктен ұрланғанын жазып қойған. Ұрының өзінде де Lexus автокөлігі бар», – деді.

Күдікті тұратын үйдің жертөлесінен полицейлер жеті жұп айнаны тәркіледі. Ер адам ұрлықты қызығушылық үшін ғана жасағанын түсіндірді. Тергеу жүргізіліп жатыр.   https://youtu.be/HICtoiwzFHQ

2018 жылы Алматыда Lexus маркалы көліктің айнасын ұрлаған ұрылардың қолынан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көз жұмған еді.