Демалыс күндері қар жауады
Демалыс күндері қар жауады
Фото: yandex.kz
118
оқылды

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың бірігуі әсер етеді. Солтүстік аумақта және шығысында жаңбырдың арты қарға ұласады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке, 3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 градус болады. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде 2-7 градусқа төмендейді. Шығыста 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін жоғарылайды.