Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында сыйақы үшін жалған вакцина паспортын жасап бергеніне шағым түскен.
«Тексеру барысында емханада COVID-19-ға қарсы вакцина паспорттарын екпе салмай-ақ 15 мың теңгеге сатып келгені анықталды. Осы іске қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламада.
https://youtu.be/9Qw32ZJx0Fo
Қаржы мониторингі агенттігі жалған вакцинация паспорты мен ПТР-тест нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтауды үнемі жіті қадағайлайды.