Алматыда ер адам тапаншамен қорқытып, балабақша аумағына кірмек болды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан “Ашамай-2” балабақшасында болған. Әлеуметтік желіде оқыс оқиға туралы қызу талқыланып жатыр. Балабақша күзеті полиция жасағын шақыруға мәжбүр болды.
"Қару газ тапанша екені анықталды, ресми рұқсат құжаты бар. Іс жүргізу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады", − делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемегенін жазған болатынбыз.
https://www.youtube.com/watch?v=vaDGDelB0hk