«Игорь Дужновқа қатысты шыққан мәліметке байланысты құрылым құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін «Суть времени» жасағында Қазақстан азаматтары қызмет етпегенін хабарлаймыз. Жасақ мүшелерінің ешқайсысы Игорь Дужновты танымайды. Игорьдің Донбасста түскен суретіндегі адамдар да онымен таныс емес», − деп пікір білдірді жасақ өкілдері.
Бұған дейін Алматыда 5 адамды өлтірген күдіктінің Донбасстағы соғысқа қатысқан фотосын жариялаған болатынбыз.