Алматыда 5 адамды өлтірген күдіктінің Донбасстағы соғысқа қатысқан фотосы жарияланды
Алматыда 5 адамды өлтірген күдіктінің Донбасстағы соғысқа қатысқан фотосы жарияланды

Ресейдің арнайы қызметтері Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың Украинаның Донбасс облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы хабарлады, – деп жазады "Чиновник" Telegram-каналы. 

Дужнов  «Суть Времени» тәуелсіз құрылымының құрамына кірген. Бұл құрылым еріктілерді Украинаның шығысындағы қақтығыс аймағына жіберуге үгіттеумен айналысқан. «Суть Времени» жасағында ол барлау тобында болған. Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып тастаған ер адамның отбасы банкке ғана қарыз емес, мемлекетке де салық төлемегенін жазған болатынбыз.