«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдерімен бірге облыстық Денсаулық сақтау, Білім, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан өкілдер қатысты. Өңірдің барлық аудандарында өткен тақырыптық қабылдауда облыс бойынша 71 азаматтың өтініші қаралып, оның 46%-ы сол сәтте шешімін тапты. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі мүгедектік алу, жұмысқа орналасу, зейнетақы алу, тұрғын үй және тағы да басқа мәселелерді көтерді. Сала мамандары тұрғындардың өтініштерін тыңдап, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері партияның жіті бақылауында болады. Жалпы, партиялық жоба аясында жыл басынан бері 36 қабылдау өткізіліп, 201 азаматтың ұсыныс-тілегі тыңдалды. Азаматтардың өтініштерінің 38%-ы оң шешімін тапты.Әбілмансұр ЖАСАН