«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Дамир Дигай мен облыстық филиал төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, кеңес мүшелері мен депутаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысын қадағалады. Сонымен қатар мектеп құрылысы мен күрделі жөңдеудің проблемалары мен тәуекелдері, мамандандырылған химия, физика және биология кабинеттерін жабдықтау, мектептердің қысқы жылыту маусымына дайындағы жайында облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова мен облыстық Құрылыс басқармасы басшысы Дәурен Жолжановтың баяндамаларын тыңдады. Баяндамаларда көтерілген білім саласындағы өзекті барлық мәселе, әлеуметтік желілерде көтерілген білім саласы, ұстаздар қауымы мен білім беру мекемелерінің ғимараттарына қатысты жарық көрген резонанстық жарияланымдар да кеңес мүшелері тарапынан талқыланып, ұсыныс-тілектер тыңдалды. Кеңес төрағасы Дамир Дигай отырыс соңында хаттамалық тапсырма беріп, облыстық филиалға жауапты мекеме басшыларынан белгіленген мерзімде жауап алу қажеттігін ескертті.Әбілмансұр ЖАСАН