Білім саласында қордалаған мәселелер талқыланды
Білім саласында қордалаған мәселелер талқыланды
436
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ал­маты облыстық филиалында «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Дамир Дигай мен облыстық филиал төрағасы­ның орынбасары Серік Нұрқа­ды­ров, кеңес мүшелері мен депутаттар «Nur Otan» партиясының «Өзге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Алматы облысы бо­йынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карта­сы­ның орындалу барысын қада­ғалады. Сонымен қатар мектеп құрылысы мен күрделі жөңдеудің проблемалары мен тәуекелдері, мамандандырылған химия, фи­зика және биология кабинеттерін жабдықтау, мектептердің қысқы жылыту маусымына дайындағы жайында облыстық Білім бас­қар­масы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова мен об­лыс­тық Құрылыс басқармасы бас­шысы Дәурен Жолжановтың баяндамаларын тыңдады. Баяндамаларда көтерілген білім саласындағы өзекті барлық мәселе, әлеуметтік же­лілерде кө­терілген білім саласы, ұстаздар қауымы мен білім беру мекеме­лерінің ғимараттарына қа­тысты жарық көрген резонанстық жа­рияланымдар да кеңес мүшелері тарапынан талқыланып, ұсыныс-тілектер тыңдалды. Кеңес төрағасы Дамир Дигай отырыс соңында хаттамалық тап­сырма беріп, облыстық филиалға жауапты мекеме басшыларынан белгіленген мерзімде жауап алу қажеттігін ескертті.

Әбілмансұр ЖАСАН