Оралда далада ойнап жүрген бала комаға түсті
Оралда далада ойнап жүрген бала комаға түсті
Сурет: Абзал Қалиев
441
оқылды

Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жаттығу арқанына оралып, тұншығып қала жаздады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұл туралы жергілікті "Мой ГОРОД" басылымы хабарлады. Сенбіде Громова көшесіндегі аулалардың біріндегі ойын алаңында тоғыз жасар бала құлап кетіп, жаттығу арқанына оралып қалды. Ол "тұншығу" диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. Ведомство сонымен қатар ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы ойын алаңдарында жарақат алуға негізгі себеп болатынын атап өтті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегуші өте ауыр жағдайда комаға түскенін жеткізді. Бала қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.