Қазақстан Футбол федерациясы балалар футболын дамытатын "Ауылымның алаңы" жобасын қолға алды
Қазақстан Футбол федерациясы балалар футболын дамытатын "Ауылымның алаңы" жобасын қолға алды
Сурет: sasint
702
оқылды

Жоба аясында тек ауыл балалары қатысатын "Ауылымның алаңы" атты жарыстар өтеді. Ауылдық, аудандық, облыстық жарыстарда жеңіске жеткен командалар елордада өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен хабарлады

14 облыстың чемпиондары "Астана Аренада" үздік ауыл командасын анықтайды. Қатысушылардың жас ерекшелігі 8-9 және 10-11 жас болып екі санатқа бөлінеді. Үздік шыққандар марапатталып, елордаға саяхаттайды. Сондай-ақ, олар ұлттық құраманың ойынын стадионнан тамашалап, кейін фотосессия жасайды. Осылайша, 28 команданың 350-ге жуық жас жеткіншегі футболға қадам басады.
"Олардың ішінде үздік шыққан балаларды Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов пен Жастар құрамасының бапкері Қайрат Нұрдәулетов анықтайды. Әр командадан көзге түскен ауыл балаларын облыс орталықтарындағы футбол мектептеріне алдыртамыз. Шалғайда жатқан ауыл балаларының футболшы болуға бір мүмкіндігі ашылады", – деп жазды Ермұхамед Мәулен.
Аталған жоба 2022 жылы сәуір айына қарай басталады. Бір команда сапында 1 қақпашы, 5 ойыншы болады. Жарысқа бірнеше ауыл бірігіп, құрама команда жасап шығарса да болады. Бірақ, 14 футболшыдан тұратын өтінішті жарыс аяқталғанша сақтауы тиіс.