Сақтандыру төлемін қоспағанда, қаза тапқандардың отбасы 20 миллион теңгеден алады, – деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Юрий Ильин төлем қаза тапқан әр азаматтың заңды мұрагері анықталғаннан кейін төленетінін айтты.
«Үкіметтен әр отбасыға 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылданды. Бес миллион теңге – жергілікті бюджет есебінен. Біз қызметкерлердің бір күндік жалақысын жинап, аудардық. Төтенше жағдайлар министрлігі есебінен ерікті түрде 5 миллион теңгеден беріледі. Емге мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыруы бар – қаза тапқандардың отбасына 60 айлық қаржылай қаражат беріледі», – деді Юрий Ильин.
Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылып, 17 адам қаза тапты. Бір жауынгер әлі де іздестіріліп жатыр.