«Әке жолы – ізгі жол» республикалық әкелер апталығы басталды
«Әке жолы – ізгі жол» республикалық әкелер апталығы басталды
© stan.kz
748
оқылды
Бала тәрбиесінде әкенің орны айрықша екені даусыз. Бүгінгі қоғам өркениетке қадам басқан сайын бала болашағына қамқор әкенің орны жайлы талай мінберден айтылып та келеді. Осыған орай дәстүрлі түрде өтетін «Әке жолы - ізгі жол» атты республикалық Әкелер апталығы басталды.
Бұл ауқымды шара тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне әкенің қосар үлесін тағы бір нығайтуды мақсат тұтады. Іс-шараға белгілі білім саласының мамандары, отбасы эксперттері және басқа да қоғам қайраткерлері қатысып, ой бөліспек. Апталық онлайн және офлайн форматта өтеді. Өтетін уақыты: 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығы. Ұйымдастырушылар:
  • «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі;
  • «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
  • «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесі;
  • «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Өтетін форматы: Тыңдаушыларға онлайн. Youtube платформасы, «Senimen bolashaq» аккаунты. Өткізілу тәртібі: 1-күн - 27.09.2021ж., 15:00-17:00, Нұр-Сұлтан қ., Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9, «Достық үйі» - Ашылу салтанаты (қатысушылар офлайн, тыңдаушылар онлайн форматта). Ашылу салтанатына қатысушылар:
  • Шолпан Каринова, Білім және ғылым вице-министрі;
  • Шахмардан Байманов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы;
  • Назипа Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесі төрайымы;
  • Дархан Өте, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының президенті;
  • Тимур Нұркешов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры;
  • Қуаныш Молдабек, Нұр-Сұлтан қ. әкімінің кеңесшісі;
  • Баян Ахатай, «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі;
  • Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы;
  • Ғалымбек Бермағанбетов, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2-күн — 28.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты) — тренингтер; 3-күн — 29.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты) — Үлгілі әкелер кеңесі презентациялары; 4-күн — 30.09.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы (онлайн, zoom) — Әкелер арасында интеллектуалдық сайыстар; 5-күн — 01.10.2021ж., Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 15:00-17:00 аралығы — Жабылу салтанаты (онлайн, YouTube платформасы, «Senimen Bolashaq» аккаунты.) Байланыс телефоны: +77079514748, Нұртазина Еркежан Нұржанқызы