Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды
Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы екпе алуға шақырды
© inform.kz
198
оқылды
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Күз келіп күн суыта бастағанда иммунитеттің төмендей бастайтынын білеміз. Бұл – қалыпты жағдай. Осы кезеңде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану және көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек жеу өте маңызды. Сонымен қатар иммунитетті қорғау мен суықтан сақтаудың тағы бір жолы – уақытылы екпе алу. Қазір елімізде тұмауға қарсы жаппай вакцинация жүріп жатыр. Әсіресе тұмауға қарсы екпе алуды осал топқа жататын азаматтар арасында кеңінен жүргізу маңызды болып отыр. Осы орайда еліміздің барлық азаматтарын тұмауға қарсы вакцина алуға шақырамын», – деді А. Цой Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцина алған 482 адам коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған болатын.