9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: azattyq-ruhy.kz
232
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер ескерту жариялады. Күндіз 27 қыркүйекте Қостанай облысында және облыс орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. 28 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с дейін күшейеді. 28 қыркүйек күндіз Петропавл қаласында жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 23-28 м/с шамасында болады. 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-ке жетеді. 28 қыркүйек күндіз Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында жел қарқыны 15-20 м/с болады. 28 қыркүйек түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі. 28 қыркүйек түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 28 қыркүйекте Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 23 м/с-ке жетеді. 28 қыркүйек түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Облыстың орталығында жел қарқыны 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады. 28 қыркүйек түнде Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын жауады (жаңбыр қарға ұласады), күндіз қатты жаңбыр жауады.