Өскемендік әйел гаражын алкогольді ішімдік жасайтын цехқа айналдырған
Өскемендік әйел гаражын алкогольді ішімдік жасайтын цехқа айналдырған
223
оқылды
Өскемен қаласында гаражда алкогольді ішімдік жасап келген 56 жастағы әйел ұсталды. Тәртіп сақшылары гаражды тексеру кезінде 2 тоннаға жуық құрамында алкоголі бар, 5 литрлік және бір литрлік құтыларды тапты. Анықталғандай, күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге рұқсат құжаттары жоқ.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.