Nur Otan партиясының Маңғыстау облысы Ақтау қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы 1 қыркүйекке дейін жәрдемақысыз қалған көпбалалы отбасылардың шағымдары бойынша тексеру жүргізді.
Мониторинг барысында әлеуметтік төлемдерді алу үшін ең алдымен «Egov.kz» порталы арқылы өтініш беру қажет екені анықталды. Бұл іске партия қозғау салғаннан кейін Ақтау қаласындағы мектептердің жанынан Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Міне, сол арқылы 720-дан астам оқушыға 25 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Барлық 27 мектепке арнайы компьютерлер мен мамандар бөлінді.
Сонымен қатар 1546 ата-ана өтінішін жолдаған, олардың жәрдемақысы қазан айында түсетін болды.
Бұл мәселенің ендігі жағдайы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының басты назарында болады.