Жойқын жер сілкінісіне дайынбыз ба? – фоторепортаж
Жойқын жер сілкінісіне дайынбыз ба? – фоторепортаж
©Айтжан Мұрзанов
407
оқылды

«Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

[caption id="attachment_163409" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий  Викторович Ильиннің басшылығымен өткен оқу-жаттығуға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары – ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелері  қатысты. [caption id="attachment_163410" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты – Алматы облысындағы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру. Сондай-ақ ТМД елдерінің аумақтарында ауқымды төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекетаралық өзара іс-қимылды жетілдіру. [caption id="attachment_163411" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау әрі оларды жүргізу мәселелері пысықталды. Төтенше жағдайларды жою, зардап шеккен халықты, жер сілкінісі туындаған кезде материалдық құндылықтарды эвакуациялау жөніндегі іс-қимыл жоспарларын нақтылау жүргізілді. [caption id="attachment_163412" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Шараның бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтынан жер сілкінісінің қаупі туралы мәліметтер алынды. [caption id="attachment_163509" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Осы болжам негізінде республикалық штаб халықты хабардар ету, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияларды жинап, азаматтық қорғау күштері мен құралдарды дайындау керек болды. Сонымен қатар жылжымалы басқару пункттеріндегі баспанасыз қалған және зардап шеккен халықтың жағдайы тексерілді. [caption id="attachment_163512" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Екінші кезеңде жер сілкінісінен кейін ҚР ТЖМ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары қандай шара қолданатыны қадағаланды. ҚР ТЖМ далалық республикалық жедел штабы мен мобильді байланыс торабы, жылжымалы басқару пункттері ашылды. [caption id="attachment_163515" align="alignnone" width="1024"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Баспанасыз қалған тұрғындар шатырлы лагерьге орналастырылды, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Құтқарушылар өрт ошақтарын жойып, үйінділерді тексерді.  Кинологиялық бөлімдер зардап шеккендерді үйінді астынан алып шықты. Сондай-ақ газбен жабдықтауды, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. [caption id="attachment_163516" align="alignnone" width="600"]жаттығу ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Оқу-жаттығуға Қазақстанның барлық жерінде іс-әрекет даярлығына 3 000 авариялық-құтқару қызметтері мен АҚ құрамаларының бөлімшелері, шамамен 70 000-нан астам адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 15 000-дай адам  мен 1 000-нан астам бірлік техника тартылды.