Ақсай шатқалындағы өрт сөнбей жатыр
Ақсай шатқалындағы өрт сөнбей жатыр
286
оқылды

Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс атқаруда. ТЖМ "Қазавиақұтқару"  тікұшағымен су шашып жатыр.

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше,  өртті сөндіруге 38 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым және "Радуга" саяжайы  8 шақырым қашықтықта орналасқан.

Өрт 26 қыркүйекте басталды. Алматы облысы Қарасай ауданы Ақсай шатқалында "Іле-Алатау" МҰТП аумағындағы тауда биіктігі 2000 метр жердегі орман өртеніп жатыр. Жалпы аумағы - 5 гектар.