Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі сотқа шағым түсіретінін айтты
Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі сотқа шағым түсіретінін айтты
© azattyq-ruhy.kz
470
оқылды

Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың әйелі Анаид Демирчян күйеуінің денесі көгергенін, кінәлілердің үстінен арыз жазғанын айтты, – деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Анаид Демирчянның айтуынша, ұсталған кезде күйеуін ұрып-соғып денесін көгертуі мүмкін. 20 қыркүйек күні оның еш жері жарақаттанбаған болатын.
"Менің сотта көргенім... Олар бұған көз жұма қарады. Барлық ел, бүкіл әлем көрді. Көкпеңбек. Оны қалай ұрғанын айту үшін маман болудың қажеті жоқ", – дейді Демирчян.
Оның айтуынша, Игорь Дужнов ұстау кезінде полицияға қарсылық көрсетпеген.
"Мен барлық жерге арызданамын. Қазір де арызданып жатырмын. Мен мұны бұлай қалдырмаймын. Бұл – заңсыз. Ол өз еркімен беріліп, көлікке отырды", – дейді күдіктінің әйелі.
Анаид Демирчян түрмеде отырған күйеуінің жағдайы қалай екенін білмейтінін, бірақ заң шеңберінде адвокат кездесіп тұратынын айтты.

Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты тағы бір құпияның беті ашылғанын жазған болатынбыз.