Алматыдағы атыс: 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйі кімге берілетіні белгілі болды
Алматыдағы атыс: 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың үйі кімге берілетіні белгілі болды
© tengrinews.kz
296
оқылды
Алматының жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаевтың айтуынша, сот үйден адамдарды шығару туралы шешімін өзгерткен жоқ. Сондықтан бұл құжат әлі де талқыланып жатыр. 20 қыркүйекте үй иесінің қолынан 5 адамның қаза табуына байланысты іс басқа сот орындаушыға табысталды.
"Жаңа сот орындаушы істі жалғастырады. Бірақ біз заңды мирасқор келгенше күтеміз, бұл талап қоюшының, яғни марқұмның жақын туыстары", − деді Руслан Исаев.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, тұтқындалған Игорь Дужновтың отбасы сол үйде тұра береді. Суық күндердің басталуына байланысты көшіру кейінге қалдырылатыны айтылды. Өйткені суық мезгілде адамдарды үйден шығару заңда рұқсат етілмеген. Бұған дейін Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты тағы бір құпияның беті ашылғанын жазған болатынбыз.