Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты көпір үстінде болған.
«Түнгі сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режимін сақтамаған. Соның салдарынан ол рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Оқиға орнында 2 жүргізуші және тағы 3 жолаушы мерт болды. Toyota Camry автокөлігіндегі жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды», – деді департамент өкілі.