Кірпіш зауытында 58 жастағы жұмысшы көз жұмды
Кірпіш зауытында 58 жастағы жұмысшы көз жұмды
Фото: mail.kz
147
оқылды

58 жастағы ер адам кірпіш әзірлейтін құрылғының астында қалып кеткен.

Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«29 қыркүйек күні сағат 21:25-те Павлодардағы өндірістік цех жұмысшысына кірпіш әзірлейтін білдек құлады. Дене жарақатынан 58 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды», – деді департамент өкілі.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін өндіріс орындарында 8 айда 114 адам қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.