Тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр
Тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай тұр
© lenta.inform.kz
390
оқылды

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңей­­тіл­ген отырысы өтті.

Отырыста  Ұлттық комиссия төрайы­мы Лаззат Рамазанова Презизент Жолдауында қойылған міндеттер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан қазақ­стан­дық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін жоғары жауапкершілік пен үйлесімді іс-қимылды талап ететінін атап өтті. «Отбасы әл-ауқатының мәселелері, тұрмыстық зорлық- зомбылықтың жүйелі алдын алу бойынша қоғамдық ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсету – бұл мәселелер Ұлттық комиссия жұмысында басым болып қала береді», – деп атап өтті Лаззат Рамазанова. Отырыста 5 өңірде: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесінің жай-күйін талдау әрбір екінші қылмыс мас күйінде жасалатынын, заңсыз әрекеттердің 70-75%-ы тұрғын үй-жайларда болатынын көрсетті. 80% жағдайда зорлық-зомбылық субъектілері болып ерлі-зайыпты немесе азаматтық некеде тұрған адамдар, 20% – өзге туыстық қатынастағы адамдар болатыны анықталыпты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, «Отбасының цифрлық картасын» енгізу жоспарланып отыр. Еліміздің 19 млн тұрғынына талдау жүргізілді, 5 млн 341 мың отбасының цифрлық карталары қалыптастырылды. Бүгінде отбасылардың 2,7 млн немесе 50,6%-ы қолайлы және жақсы деңгейге жатады. Атаулы әлеуметтік көмекпен қамту 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыс­тырғанда 186,2 мың отбасына дейін немесе 891,1 мың адамнан астам өсті, өсім – 25%. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ұлттық статистика бюросы 9 нысаналы индикатор бойынша есептеу әдістемесін әзірледі.

А.СҰЛТАН