«Кредитіңді жауып беремін» – банк қызметкері тұрғынды алдап кетті
«Кредитіңді жауып беремін» – банк қызметкері тұрғынды алдап кетті
Фото: kursiv.kz
380
оқылды

Кентау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Шағымданушының айтуынша, белгісіз адам өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырып, «кредитіңді жауып беремін» деп сендірген. Сол үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Сонан соң алаяқ жәбірленуші әйелге берген уәдесін орындамай әбден әбігерге салған.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Оның бұрын банкте жұмыс істегені анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.