Алматыда азық-түлікті қымбат бағаға сатқан саудагерлерге айыппұл салынатын болды
Алматыда азық-түлікті қымбат бағаға сатқан саудагерлерге айыппұл салынатын болды
Фото: yandex.ru
186
оқылды

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Дамир Тазабектің мәліметінше, азық-түлік бағасы қадағаланады.

Оның айтуынша, азық-түліктің сату бағасын тұрақтандыру үшін тауарды дүкендер мен базарларға тікелей жеткізіледі. Әкімдік пен кәсіпорындар арасында «JLC Сүт» өндірушісінің сүті мен сүзбесін «Магнум» сауда желісіне, «Naz-Dana» ШҚ пиязына және «ТЖН және К» агрофирмасына «Тоймарт» және «Магнум» желілеріне, сондай-ақ «Бірлік агрофирмасына» «Тоймарт» желісіне тікелей жеткізу туралы шарт жасалған. Қосымша апта сайын демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі  ұйымдастырылады. Биыл 380 жәрмеңке өткізіліп, 40 млн теңгеден астам сомаға 5 мың тоннаға жуық өнім сатылды.

Бұдан былай қалада бағаны қымбаттатқан фактілер анықталса, саудагерге ескерту жасалады. Бір жылда осы әрекетін қайталаған жағдайда шағын бизнес субъектілері үшін – 10 АЕК, орта бизнес үшін 75 АЕК және ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.