4 қазанға арналған ауа райы болжамы
4 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com
117
оқылды
Синоптиктер 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз солтүстікте жел күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, күндіз жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде тұман, күндіз бұрқасын болады, солтүстікте жел күшейеді. Павлодар облысының батысында көктайғақ болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде түнде боран соғады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда жел күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман түседі.