Жұмыс берушілер 2023 жылдан бастап өз есебінен әр қызметкерге 5% зейнетақы жарнасын аударуы тиіс – министрлік
Жұмыс берушілер 2023 жылдан бастап өз есебінен әр қызметкерге 5% зейнетақы жарнасын аударуы тиіс – министрлік
Фото: kznews.kz
314
оқылды

Жұмыс берушілер өз есебінен 5% қызметкер үшін зейнетақы жарнасын аударуы тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін оңтайландыруға арналған 2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға түзетулер дайындады.

Ең маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмысшылардың пайдасына қызметкердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударады.

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы №841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

Бұған дейін зейнетақы жарнасының бір бөлігіне баспана алғандар туралы жазған болатынбыз.