Қазақстанда жауын-шашын жауады. 5-7 қазан күндері ауа температурасы күрт төмендейді.
Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауады.
6 қазанда таулы аудандарда қар жауады. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.
Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстік пен орталықта -5-10 аязға дейін, шығыста - 3-11 аяз болады.
Оңтүстікте түнде 1-6 градус аяз болады.