Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің денсаулығына қатысты пікір білдірді
Дәрігерлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелдің денсаулығына қатысты пікір білдірді
Фото: yvision.kz
280
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Жексенбі күні полицейлер көпірден секірген 25 жастағы келіншекті құтқарып қалды. Дәрігерлер әйелдің жағдайы тұрақты екенін айтты. Сәбиі де аман-есен.

«Аяғы ауыр келіншек №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде жатыр. Оны дәрігерлер медициналық тексеруден өткізіп жатыр», – деді басқарма өкілі.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін астанада көпірден секірген жүкті әйел туралы жазған болатынбыз.

  https://www.youtube.com/watch?v=2GOSm8p5VJY