Павлодарда интимдік қызмет көрсеткен 18 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлық жедел уәкілдер “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Онда жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар ұсыну фактілері анықталды, сондай-ақ интимдік қызмет көрсеткені үшін 18 адам ұсталды.
– Жұмысты өтеу барысында жедел уәкілдер досын жезөкшелікпен айналысуға алдап тартқан Павлодардың 28 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 308-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ Екібастұз қаласында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұсынған әйелді анықтады. 47 жастағы пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Павлодар қаласында жедел уәкілдер Шөкин көшесіндегі пәтердегі ер адамды ұстады. Ол 20 жастағы қызға жыныстық қызмет көрсету үшін ақшалай сыйақы берген. Қазіргі уақытта 35 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
– Көбінесе жыныстық қызмет көрсетуге кедей отбасылардан шыққан қыздар тартылады. Олар арқылы ақша табу үшін “жеңгейлер” бір-екі күнге өмірдің барлық қызығы – пәтер, қымбат киім, косметика және ақша береді. Содан кейін олар интимдік қызмет көрсету арқылы “әдемі өмір” сүруді ұсынады. Келіскеннен кейін қыз байқаусызда құлдыққа түсіп, кенеттен “иесіне жұмыс істеуге” міндетті “борышкер” болады. Ең қауіптісі – қыздарды олар есірткіге отырғызады, – дейді полиция қызметкерлері.