Боксшы Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді
Боксшы Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді
726
оқылды
Әлем чемпионы, кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров Алматыда сот орындаушысын қорқытты деген ақпаратқа қатысты қысқаша түсініктеме берді, – деп хабарлады Aibat ақпараттық қызметі. AIBAT жаңалықтар қызметінің тілшілері телефон арқылы хабарласып, мән-жайды спортшының өзінен сұраған еді. Айтуынша, оқиға орнында болғаны рас. Спортшы осы үйде тұратын әйелдің жиені екен.
"Тәтем маған баласын балабақшадан алып келуімді өтінді. Өйткені  үйдегі дауға байланысты шыға алмаған. Мен үйге келгенімде тәтемнің жылап отырғанын естіп, ішке кірдім.  Жұмысшылардың қоршауды бұзып жатқанын көрдім. Мен оларға жақындап, не үшін бұзып жатқанын сұрадым. Күн суытқанда адамдар далада қалатынын айтып, жағдайды түсінуін сұрадым. Олар тоқтады. Одан басқа іске араласқан жоқпын. Осы кезде үйдің басқа бөлігінде дауыс шықты, біреулер жылап жатты. Мен ешкімді қорқытып, полициядан өтінішін алып кетуді талап еткен жоқпын", – деді  Жанқош Тұраров.