8 өңірде ескерту жарияланды
8 өңірде ескерту жарияланды
© exk.kz
230
оқылды
«Қазгидромет» РМК 6 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады. Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.