6 қазанға арналған ауа райы болжамы
6 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: turkystan.kz
177
оқылды

Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр, қар жауады, жел күшейеді.

Түнде және таңертең тұман, көктайғақ, солтүстік пен шығыста бұрқасын күтіледі. Батыс пен оңтүстік-батыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының батысында және таулы, тау бөктері аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшейеді. Шаңды дауыл соғады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді. Жамбыл облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі.