Қиясовтың қаулысы: Қазақстанда 13 елдің вакцинация паспорты жарамды
Қиясовтың қаулысы: Қазақстанда 13 елдің вакцинация паспорты жарамды
©А.Ахметқазы
221
оқылды

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысында Қазақстан аумағында 13 елдің вакцинация паспорты жарамды екені жазылған.

Жаңа қаулыға сәйкес, Аргентина, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия, Эстония азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстанның вакцинация паспорты 7 елге жарамды екенін жазған болатынбыз.