Алтын Орда базары маңында зейнеткерді көлік қағып кетті  
Алтын Орда базары маңында зейнеткерді көлік қағып кетті  
Фото: panoramapro.ru
274
оқылды

Ол Алтын Орда базары маңында жолдан өтіп бара жатқан.

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Оқыс оқиға кеше сағат 18:50 шамасында болған. Volkswagen Passat маркалы автокөліктің Ш. есімді жүргізушісі Ташкент-Алматы тасжолының  бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста А. есімді азаматты қағып кеткен. Ол оңтүстік бағытта белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан.

Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов: «Жарақат алған 1944 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді.

Бұған дейін Алтын Орда базары тұсындағы жолайрық құрылысы туралы жазған болатынбыз.