Алматы түбіндегі жол апаты: көлік қақ бөлінген
Алматы түбіндегі жол апаты: көлік қақ бөлінген
Сурет: Қорғаныс министрлігі
221
оқылды

Алматы облысында рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол апатын жасады. Жас жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен, содан кейін Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан, — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған.
"Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.
Mercedes қатты соққыдан қақ бөлінген, қалған екі көлік жапырылып кетіпті. Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді.