Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын ұсынды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің құқығын қорғау туралы регламент жобасын ұсынды
© informburo.kz
228
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қолдау регламентін» әзірледі. Регламент министрліктің ресми сайтында жарияланған. Регламентте журналистердің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері және журналистердің құқықтары бұзылған жағдайдағы министрліктің іс-әрекеттері көрсетілген.
«Осыған байланысты, регламентті одан әрі жетілдіру шеңберінде Министрлік барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырады. Ескертулер мен ұсыныстарыңызды a.mukazhan@qogam.gov.kz эл.поштасына жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды қабылдау осы жылдың 25 қазанына дейін жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында.
Регламент жобасымен мына сілтемеден оқып-танысуға болады.