Жамбылда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Жамбылда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
gazeta.ru
198
оқылды
Жамбылда ер адамнан 160 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады. Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм болатын “каннабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қабы тәркіленді, күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған. https://www.youtube.com/watch?v=4ccnGbFzYeA Ұсталған ер адам кінәсін мойындады, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.