Халық санағынан 8 миллионнан аса азамат өтті
Халық санағынан 8 миллионнан аса азамат өтті
Фото: ntkalininsk.ru
153
оқылды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы кезге дейін санақтан онлайн өткендер саны – 7 045 196 адам, оффлайн қатысқаны – 1 445 204 адам.

Халық санағынан өткендер саны – кеше сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, 7 045 196 адам. Олардың 6 040 911-і sanaq.gov.kz сайтында, 700 972 адам Egov порталында тіркелу арқылы, 303 313 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында тұр. Аймақта 913 074 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Екінші Алматы облысы – 746 343 адам, үшінші Шығыс Қазақстан – 707 384 адам. Көш соңында Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде 215464 және 165749 адам сауалнамаға қатысты.

1 қазаннан бастап үй-үйді аралап санақ жүргізу де басталды. Он күнде офлайн санақтан 1 445 204 тұрғын өтті.