Қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционда арқан байлап секіріп, қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты күдікті ұсталды.
Биыл 10 қазан күні «Созвездие» қонақүйінің аумағында 33 жастағы әйел қайтыс болды. Ол 9 қабатты қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционнан 25 метр биіктіктен секірген.
Бүгін полицейлер аттракционның нұсқаушысын қамауға алды.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин: «Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», – деді.