Еліміздің Ұлттық архивінің қоймасында сақталған 83 қордағы құжаттың ішінен Мұстафа Шоқайға қатысты француз, араб, орыс, ағылшын, түрік тілінде және көне шағатай жазуы үлгісіндегі хаттар мен құжаттар бар. «Біз «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында биылдан бастап, сол хаттар мен құжаттарды зерттеп-зерделеуді қолға алдық. Соның ішінде М.Шоқайдың өз қолымен шағатай үлгісінде жазған хатын тауып, аудардық. Жаппай қудалау мен ашаршылық жылдарында қазақ зиялыларын қаралау мақсатында шыққан қаулысы да табылды» дейді Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова. Оның сөзінше, бұл жазбалар Франциядан әкелінген, әлі еш жерде жарияланбаған. Төменде осы үш хаттың мән-мазмұнына тоқталмақпыз.
– Міне, бұл хаттың толық нұсқасы, біз бұдан нені аңғарамыз? Осы сөздің астарында жаңа жазуға көшкен ұлттың жазбаларын оқып-түсіне алмауынан жұртқа насихаттың жетпей жатқаны, салдарынан олардың ұлттық бірлігі әлсіреп, күрескерлік рухының оянуы мен бостандыққа деген талпыныстың бұрынғыдай болмағаны айтылып тұр. Естеріңізде болса, 1929-1939 жылдар аралығында М. Шоқай Париж бен Берлинде тұрып, «Яш Түркістан» журналын шығарып, оған бас редакторлық етті. Бас мақалаларды тікелей өзі жаза отырып, Түркістан халқының ұлт-азаттық жолындағы рухын көтерді. Сондықтан халықтың мүддесін ойлаған Мұстафа Шоқай «Яш Түркістанды» тек бәріне ортақ түсінетін шағатай жазуымен шығарды. Оған дәлел -жоғарыдағы хат. Сөйтіп, он жыл бойы 117 саны жарық көрген журнал шағатай тілінде шығып тұрды. Ол осы арқылы халықтың рухы мен жігерін жанып, елді өміршеңдік пен күрескерлікке баулуға тырысты, – деді Ахат Расул.
– Атап айтар болсақ, Ұзақбай Құлымбетов – Кеңес Одағының саяси қызметкері, Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы, Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы болған азамат. Бірақ жоғары лауазымда жүрсе де «Карлаг», «Алжир» сияқты лагерьлерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкендігіне ашық түрде қарсылық білдірген. Бірақ НКВД-ның күш алып тұрған кезінде «ұлтшыл-фашист» атанып, 1937 жылы қамауға алынып, 1938 жылы 22 наурызда атылды. Сүйегінің қайда қалғаны белгісіз. Ал жұбайы Әйіш Құлымбетова «АЛЖИР»-де 8 жыл отырды. Ақырында Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы бірақ ақталды.
Міне, біз бұл жазбадан Құлымбетов, Жүргенов, Жандосовтардың қалай қудалауға ұшырағанын білдік, ал ендігі мәселе бұлардан басқа осы қаулыда аты аталған Асылбеков, Нұрсейітов, Ғабдуллин, Арғынов, Мұқатаев, Тайсарин қатарлы адамдардың кім екенін, олардың өмірбаяны мен кейінгі тағдыры туралы зерттеуші-ғалымдарымыз тереңдей зерттеп, тарихын ашып шықса, ұлт пен ұрпақ үшін үлкен жаңалық әрі ақтаңдақтарды толтыруда қосылған үлес болар еді, – дейді Жеке тектік қормен жұмыс істеу бөлімінің қызметкері.