Белгілі әнші Ернар Айдар өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты туралы әңгімелеп берді.
Өмірім үш секундта өзгеріп кетті: Ернар Айдар қалай шаңырақ көтергенін айтты
18,315
оқылды

Өнер иесі 2017 жылы бойдақ кезінде жол апатына түскенін “Жақсы адамдар” бағдарламасында айтып берді, – деп жазады Aikyn.kz.

“Күнім, сен сөнбеші" деген әнімнен кейін болашақ жарыммен жолықтым. Алдымен жол апатына түстім. Оған дейін бойдақ өмір сүрдік. Кейін үйленемін деп жүре бергенмін. Ата-анам да сұрай берді. Ол кезде қызым да жоқ. Бәрін кейінге қалдырып жүрдім. Қызбен жүруге уақыт та жоқ. 2017 жылы сәуірде гастрольдік сапарда жүргенде жол апатына түсемін. Мен ауруханаға түскенде, бәрі шулап кетті. Барынша шулатпайық деп, дәл сондай көлікті де таптық. Ата-анам көріп уайымдамасын деп дәл сондай көлік сатып алдым. Бірақ біреу менің ота жасайын деп жатқан сәттегі, көлігімнің суреттерін жариялап жіберген. Солай бәрі шулап, ақпарат ата-анама да жетті. Олар келіп бірден "Үйленесің" деді. Содан шаңырақ көтеруді шынымен ойладым”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ жол апаты денсаулығына қалай әсер еткенін де айтып берді. Сөзінше, 2-3 ай ауруханада жатқан көрінеді.

“Бір Алла сақтады. Жол апатында өмірім үш секундта өзгеріп кетті. Тым жақсы концерттен айқайлап шығып, бір мезетте жатып қалдым. Төрт секундтың ішінде көлік аударылып кетті. Сол сәт өмірімді өзгертті. Жұмысым да, бәрі тоқтап қалды. Сол жағдайдан кейін үйленемін деп шештім. Сол уақытта Мәдинамды да таптым", – деді Ернар Айдар.