Павлодарда ХХ ғасырдың басында салынған ғимараттан көпшілік неге шошиды?
Павлодарда ХХ ғасырдың басында салынған ғимараттан көпшілік неге шошиды?
Фото: Александра Боярчук
343
оқылды
ХХ ғасырдың басында салынған ғимаратта қазір кеңсе бөлмелері бар. Қолайлы логистика, қала орталығы  — жалдаушыларға өте қолайлы, алайда ғимарат бәрібір бос тұр.  Жалдаушылар оған себеп ескі үйдегі елес деп есептейді, деп хабарлады newtimes.kz. Марғұлан көшесіндегі бірқабатты үйден кеңсе жалдаған компаниялар мұнда көпке қала алмайды. Кейбіреулер тіпті мұнда кіруге де қорқады. Павлодарлықтардың көбі ғимараттың жертөлесінде репрессияға ұшырағандарға камера орнатылғанын, дәл осында адамдарды атқанын айтады. Бірнеше жалдаушы ғана мұнда 2005 жылдан бері кеңсе жалдап келеді, түсініксіз жағдайға талай рет тап болғандарын айтады.
«Мен үйге кетпек болып кабинеттің жарығын өшіріп, соңғы қағаздың көшірмесін жасап жатқан едім. Кенет қасымнан қара былғары күртеше және қалпақ киген ер адамды көрдім. Елес пе, жоқ па, білмеймін. Бірақ көргенім рас», — дейді осы үйден көп жыл кеңсе жалдап келе жатқан компанияның өкілі.
Бұдан бұрын жалдаушылардың бірінің қызы да осы елесті көргенін айтады. Павлодар қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі бөлімі ғимарат ХХ ғасырдың басында салынғанын, Николай Пятков есімді көпеске тиесілі болғанын және мұнда оның қызметшісі тұрғанын хабарлады.  Қала басшысының өзі қарама-қарсы үйде тұрған. Қазір бұл Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер мұражайы.  Мұнда атақты адамдар тұрмаған.