Мұнайлы өлкеде де газ қымбаттап кетті
Мұнайлы өлкеде де газ қымбаттап кетті
210
оқылды

Бұған дейін Атырауда 60-65 теңгеге саудаланған автогаз қазір 85-90 теңгеден сатылып жатыр. Көлік жүргізу­шілері мұнайдың үстінде отырып, мұндай күйге түскен­деріне наразы.

Бір қызығы, бағаның өсуі тапшылықтан емес екен. Өйткені қорда 350 тонна сұйытылған газ бар. Ал газ құю бекеттеріндегі бағаны реттеу кәсіпкерлердің өз құзырында екен. Яғни, бағаны қалағанынша құбылта алады. Жергілікті билік «қолдан не келедінің» халінде екенін айтып ақталып отыр.
– Бүгінгі Энергетика ми­нистрлігінің ай сайынғы бөлінетін кеңес хаттамасына сәйкес, Атырау облысына 6,5 мың тоннаға жуық мұнай газы бөлініп жатыр. Оның 70 пайызы электронды сауда аумағы арқылы бөлінсе, 30 пайызы – әлеуметтік газ. Яғни, әлеуметтік газға министрлік тарапынан реттеу жүргізілсе, ал сұйытылған мұнай газын электронды сауда аумағынан бөлініп жатқан газға реттеу жүр­гізілмейді, – дейді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқар­масының басшысы Анар Ахметова.

М.ТӨЛЕУ