13 қазанға арналған ауа райы болжамы
13 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: astana.gov.kz
130
оқылды

Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл, солтүстік, шығыс, оңтүстік шығыста тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күшейіп, екпіні – 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.