Ет пен картопты қосып жеуге болмайтынын білесіз бе?
Ет пен картопты қосып жеуге болмайтынын білесіз бе?
©kk.tierient.com
1,209
оқылды

Ресейлік диетолог дәрігер Елена Соломатинаның айтуынша, ет пен картопты қосып жеу кей адамның асқазанына ауыр тиеді екен.

"Еттің асқазанда қорытылуы үшін көбіне тұз қышқылы қажет. Ал крахмал тектес өнімнің етті қорытуға мүлде пайдасы жоқ. Содан асқазан мен ішек жолдарында қыжыл пайда болуы мүмкін", - дейді ол.

Оның айтуынша, адам тамақты араластырып жегені дұрыс. Өйткені бір тағам екінші бір тағамның қорытылуына жақсы әсер етеді. Мәселен, етті ақуызы мол тағамдармен (оның ішінде сүт), ал картопты көміртегімен қосып жеген дұрыс. Себебі ақуыз баяу қорытылады. Ал көміртегі тез қорытылып, ағзаға энергия пен күш-қуат беруі тиіс. Егер екеуін бір-бірімен араластырса, кейбір адамның асқазаны ашып, қыжылдауы мүмкін.  Одан гастрит пайда болуы ықтимал. Асқазанның қорыта алмай, кекірте беруі де осыдан.

Сонымен қатар картоп пен етті қосып жеу, денеге май жинайды. Сондықтан етті картоппен емес, брокколи, орамжапырақ, асқабақпен қосып жеген дұрыс. 

Жалпы, нутрициолог Майгүл Қайнарбаеваның айтуынша, ет жеген соң шәй ішуге де болмайды. Соның салдарынан еттің құрамындағы темір жойылады екен. Ал ағзадағы темірдің жетіспеушілігі осыдан екен.