Алматы облысында ауруханада ана мен бала жұмбақ жағдайда көз жұмған
Алматы облысында ауруханада ана мен бала жұмбақ жағдайда көз жұмған
© inform.kz
565
оқылды
Алматы облысының аудандық ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмған ана мен бала ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Полиция департаменті адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүргізуде. Марқұм Айжан Шепенованың жақындары қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды. Айтуынша, айы-күні жеткен әйелді Сарыөзек орталық ауруханасындағылар босандырмай бір апта ұстаған. Артынша толғақ дәрісін салып, әйелге кесір тілігін жасаған. Ал Айжанның өзі дәрігерлер салған дәріден кейін де толғағы келмей жатқанын жақындарына ватсап арқылы жеткізген.  
"Бұлар вызывающий алып салып жіберген ғой. Кесарова жасайды деген,  вызываюший салып жіберген. Содан балам да, әйелім де қайтыс болды. Кеше 6-да қайтыс болған. Бұлар маған бүгін сағат 5-те беріп отыр", – дейді марқұмның жұбайы Бақытжан Ерментаев.
Марқұмның жұбайы әйелінің денсаулығына дәл осы толғақ дәрісі кері әсерін берді дейді. Себебі отадан соң әйелдің қаны тоқтамағанын айтады. Тіпті денесін де ешқандай құжатсыз берген көрінеді. Ал ақ халаттылар екеуінің өмірін сақтап қалуға тырысқандарын айтып, ақталды. Олар әйелдің жүрегі ота кезінде тоқтап қалғанын мәлімдеді. Дегенмен облыстық Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты  тергеу жүргізуде.  Арнайы сараптамалар тағайындаған. https://www.youtube.com/watch?v=5DIogr32M-M